Жаңадан құрылған World Boxing ұйымы 2025 жылы Әлем кубогының бір кезеңін Қазақстанда өткізеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жалпы 4 Әлем кубогының қорытындысы бойынша, күздегі финал, шешуші кезең Үндістанда жоспарланған.
Ал қыркүйек айында Ливерпульде ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
30 наурыз - 7 сәуір. Әлем кубогы (Бразилия)
3-7 маусым. Әлем кубогы (Чехия)
30 маусым – 7 шілде. Әлем кубогы (Қазақстан)
21-27 шілде. Әлем кубогы (жарыстың өтетін жері енді анықталады)
4-14 қыркүйек. Әлем чемпионаты
15-22 қараша. Әлем кубогы (Үндістан)