Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Карина Ибрагимова жартылай финалда жеңіліп қалды

Ұқсас жаңалықтар

Карина Ибрагимова Түркиядағы әлем чемпионатында тайвандық Лин Ю-Тиннен ұтылып, қола медальге ие болды. Есеп 0:5.

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Карина Ибрагимова Ыстанбұлдағы алғашқы жекпе-жегінде румыниялық Клаудия Нечитадан, испан Дженнифер Ромеродан, ирландиялық Микаэла Уолштан мықты екенін паш етті. Айта кетейік, Карина – 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бүгін рингке шыққан Алуа Балқыбекова жеңіске жетіп, финалға шықса, тәжірибелі Жайна Шекербекова қарсыласына есе жіберіп, қола медальді місе тұтты.