Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 2 лицензия түсті

Ұқсас жаңалықтар

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ. Спорттың бұл түрінде жұптық сында лицензия алған екі ескекші Олимпиадада жекелей сында өнер көрсетеді.

Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева сосын, байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова Ирина жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанды. Осылайша олар Париждегі ойындарға жолдама ала алмады.