Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы бағдарламасы бойынша жігіттер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов бастаған командамыз 1/4 финалда әлем чемпионы саналған Италиядан 45:43 есебімен айласын асырып кетті.

Осылайша жігіттеріміз өз тарихында алғаш рет жартылай финалға өтті. 1/2 финалдағы қарсыласымыз Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония болмақ.