Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚ МЕРГЕНДЕРІ ЧЕХИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 2 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Чехияда нысана көздеуден 53d GP of Liberation Pilsen 2025 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарысқа әлемнің 27 елінен 640 спортшы қатысып жатыр.

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеуден ерлер арасында Асадбек Назиркульев қарсыластарын артта қалдырып, алтын медаль алды. Күмісті швед өкілі иеленсе, қола польшалыққа бұйырды.  Сонымен қатар дәл осы бағдарламада әйелдер арасында бақ сынаған Фатима Ирназарова қолаға қол жеткізді.