Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Каирдегі Әлем Кубогына елімізден 15 мерген барады

Ұқсас жаңалықтар

Нысана көздеуден еліміздің мергендері 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Онда әлемнің 66 елінен 625 спортшы бақ сынайды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар:

Винтовка: Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле;

Тапанша: Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Кирилл Цуканов, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова, Малика Сейл, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков;

Қазір нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының 5 лицензиясына иелік етіп үлгерді. Айта кетейік, 2023 жылы Әлем Кубогының 11 кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан 6 алтын, 7 күміс, 5 қола иеленген.