Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Мерген Константин Малиновский Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының Суперфиналында жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атудың іріктеуінде 589 ұпай жинады. Бұл Константиннің 5-сатыға табан тіреп, финалға шығуына мүмкіндік берді. Финал бүгін түсте өтеді. Онда іріктелген 8 спортшы бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Үндістандағы Әлем Кубогының Суперфиналына таңдаулы мергендер шақырту алды. Бұл қатарға Париж Олимпиадасының чемпиондары, былтырғы Суперфиналдың жеңімпазы мен әлем рейтингінде 6-орынға дейінгі спортшылар кіреді (37 елден 132 спортшы). Мұнда 1-орынға – 5 мың еуро, 2-орынға – 4 мың, 3-орынға – 2 мың сыйақы береді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.