Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Махмұд Сабырхан Париждегі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама боксшысы Махмұд Сабырхан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекеде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты ұтып, жазда Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазіргі 57 кг дейінгі салмақтағы әлем чемпионы Махмұд қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 4-1. Ұлттық құрама спортшысы осыған дейін Ядеса Лета Фикремариамнан (Эфиопия), Саравут Сукзеттен (Таиланд, 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының күміс жүлдегері), Паган Калеб Тирадодан (Пуэрто-Рико) айласын асырған.

Осы тұста 57 кг дейінгі салмақта олимпия ойындарында тек бір ғана қазақ боксшысы медаль жеңіп алған. Ол – Сидней Олимпиадасында топ жарған Бекзат Саттарханов.

Суреттердің авторы – Аян Төлеген.