Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мария Бровкова Азия ойындарындағы 2-жүлдесін жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Ескек есуден Ұлттық құрама спортшысы Мария Бровкова Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 2-рет тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол каноэмен 200 метреге жарыста мәреге үшінші болып жетті (49.368 секунд).

Бұл сында 3 дүркін әлем чемпионы Линь Вэньцзюнь (Қытай) ешкімге дес бермесе, одан кейінгі орынға Таиланд спортшысы Ораса Тиангкаток жайғасты.

Айта кетейік, Мария үшін бұл алғашқы Азия ойындары. Жастар арасындағы әлем чемпионы кеше жұптық сында күміс жүлдеге ие болған.