Каноэде 500 метрге ескек есуде Париж Олимпиадасының іріктеуінде Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы өз тобында 5-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олардың уақыт көрсеткіші – 2:00.05 секунд. Енді еліміздің әйелдер құрамасы ширек финалда тағы жарысады.
Мария мен Руфина үшін бұл алғашқы Олимпиада. Олар лицензияны Токиодағы Азия чемпионатында алған.
Фото: Владислав Семенов.