Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Мария Бровкова Самарқанда өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол ескек есуден әлем чемпионатында медаль жеңіп алған үшінші отандасымызға, соның ішінде алғашқы әйел атлетке айналды.

Спорттың бұл түрінде Қазақстанға алғашқы жүлдені Жомарт Сатыбалдин алып берген (2005 жыл, Загреб каноэде 200 метрге ескек есуде қола).

Ал екінші медаль 2022 жылы түсті. Оның иегері – қарағандылық Виктор Степанов. Ол Канаданың Дартмут қаласында каноэде 200 метрге жарыста үздік үштікті түйіндеген (39.44 секунд).

Фото: Владислав Семенов.