Ұлттық құрама спортшысы Мария Бровкова əлем чемпионатында бүгін күміс медаль жеңіп алып, жасындай жарқырады. Оралдық атлет 18 жасқа дейінгілер арасында 1500 метрге жарыста мəреге 2-ші болып келді.
Бұл Италияның Ауронзо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде.
Кеше Мария Бровкова 1000 метрге жарыста чемпион атанып (U18), Руфина Искакова 1000 метрде (U23) күміс жүлдеге ие болған.