Бокстан Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан Таиланд астанасы Бангкоктағы әлемдік іріктеу кезеңінде 63,5 келі салмақтағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірінші кездесуінде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Кристиан Лаурентені (Филиппин) 5:0 есебімен оңай жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жекпе-жек барысында Филиппин өкілі ережені қайта-қайта бұзғаны үшін, 2 мәрте ұпайы алынып тасталды. Бұл отандасымыздың Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол бірнеше ай бұрын Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы әлемдік іріктеу кезеңінің екінші кезеңіне дейін жеткен.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.