Бүгін бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық бәсекеде 66 келідегі Ұлттық құрама спортшысы Наталья Богданова Аргентина өкілі Лорена Соледад Бальбуэнаны 4:1 есебімен жеңді.
XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья алғашқы раундта есе жібергенімен, қалған уақытта тараз басын өзіне аудара алды. Ол келесі айқасын ертең өткізеді.


Суреттердің авторы – Аян Төлеген.