Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайдағы ХІХ жазғы Азия ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол (51 кг) бүгін Таманг Сусмаға (Непал) еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңді (5:0). Назымның келесі қарсыласы – Йесуген Оюнцетцег (Моңғолия).
Айта кетейік, бұған дейін боксшылардан Махмұд Сабырхан (57 кг) мен Сәкен Бибосынов (51 кг) алғашқы жеңісіне қол жеткізген.