Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Назым Қызайбай лицензия үшін таласты жалғастырады

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд астанасы Бангкокта бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы берілетін соңғы турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін 50 кг дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай бірінші кездесуінде сенімді жеңіске жетті. Ол Словакия өкілі Николь Дуриковадан айласын асырды.

Бұл біздің боксшының Париж Олимпиадасының жолдамасына таласып жатқан екінші жарысы. Бұған дейін ол 2023 жылы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында бір ғана қадам қалған сәтте сүрінген. Айта кетейік, 2 маусымға дейін жалғасатын бәсекеде 5 аруымыз Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады. 

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.