Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында 3 дүркін әлем чемпионы, 48 кг дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай ширек финалда Ханна Охотаға (Украина) еш мүмкіндік қалдырмады. Отандасымыз 3-раундта да сенімді қимылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, оның қарсыласы алдағы жекпе-жекте анықталады.