Бокстан Париж Олимпиадасында әйелдер арасында жарыс жолын бастаған 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Джиордана Соррентиноны (Италия) 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Енді біздің боксшы 1/8 финалда Панамерика ойындарының жеңімпазы Каролин де Алмейдамен жұдырықтасады.
Суреттер: Сали Сабиров.