Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Никита Чирюкин Əлем Кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан Əлем Кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді. Никитаның еншісінде 31, ал жеңімпазда 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.

Бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген 4-медаль (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).

Бұл рейтингтік әлем Кубогында 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.