Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НЫСАНА КӨЗДЕУ: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МЕРГЕНДЕРІ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында отандасымыз Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский жұбы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олар пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудан аралас жұптық сында финалға шығып, Индонезия-2 командасынан басым түсті (17-9). Үштікті Оңтүстік Корея мен Индонезия-1 түйіндеді.

Айта кетейік, Константин Малиновский осы бағдарламада Париж Олимпиадасына қатысқан. Ал Елизаветаға былтыр күзге дейін осы жаттығудағы Қазақстан рекорды тиесілі болған.