Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НЫСАНА КӨЗДЕУ: АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН 5-ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Валерий Рахымжан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол 10 метрден тапаншамен оқ атуда тұғыр сатысына көтерілді. Кеше осы жаттығуда Сейіл Малика мен Кирилл Федькин жұбы жасөспірімдер арасында 2-орыннан көрінген. Сосын, командалық есепте әйелдер командасы (Валерия Попелова, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Қазақстан жасөспірімдер командасы (Рамазан Ынтықбай, Кирилл Цуканов, Кирилл Федькин) 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде чемпион атанған. Осы жас санатында Қазақстан әйелдер құрамасы 2-орынға тұрақтады. Жүлдегерлер - Малика Сейіл, Сәуле Әлімбек, Кристина Устинова.

Еске сала кетейік, Азия Кубогы 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.