Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ОЛЬГА ШМЕЛЁВА НАНЬЧАНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-АЛТЫНЫНА ИЕ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Байдарка мен каноэде ескек есуден Наньчан қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан екінші рет алтын жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы да тәжірибелі Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко жұбы байдаркамен 500 метрде ешкімге дес бермеді. Олар сөреден бастап жылдамдығын азайтпай, мәреге жетер тұста ақын басымдыққа ие болды.

Осыған дейін Ольга Шмелёва Ирина Подойниковамен бірге топ жарған. Сергей Емельянов жекелей сында 500 метрде (каноэ) ақтық сында 5-сатыға тұрақтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.