Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға ерлер арасындағы жеребені ұсынамыз.
51 келі. 17 боксшы
1/8 финал, Сәкен Бибосынов – Самет Гумуш (Түркия, 2024 жылғы Еуропа чемпионы). Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін.
57 келі. 17 боксшы
1/8 финал, Махмұд Сабырхан – Хосе Гуелес Бротонс (Испания, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері). Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін.
63,5 келі. 22 қатысушы
1/16 финал, Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибарче (Испания). Келесі айналымда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.
71 келі. 20 қатысушы
1/16 финал, Асланбек Шымбергенов – Зейад Ишаиш (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері). Келесі кезеңде бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады.
80 келі. 18 қатысушы
1/8 финал, Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс
92 келі. 16 қатысушы
1/8 финал, Айбек Оралбай - Олейтен Олаор
Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін.
+92 келі. 16 қатысушы.
1/8 финал, Қамшыбек Қоңқабаев – Аюб Джадфа (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері).