14.05.2025 | 13:56

ҚАДЫР АҒАЖАННЫҢ ШРИ-ЛАНКАДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан U-22 Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қадыр Ағажан жарыс қожайыны Бандар Кандеге еш мүмкіндік берген жоқ. Жекпе-жек 2 раундтан кейін аяқталды. Шри-Ланка өкілдері айқасты жалғастырудан бас тартты. Енді Қадыр Кувейт боксшысымен күш сынасады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес