Ыстанбұлдағы әлем чемпионатында Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ирландиялық Микаэла Уолштан айласын асырды. Енді ол 18 мамырда финал жолдамасы үшін таласады.
Ибрагимова осыған дейін испан Дженнифер Ромероны, румыниялық Клаудия Нечитаны жеңген. Каринаның арқасында Қазақстан еншісіне 3-жүлде түсті. Осыған дейін Алуа Балқыбекова мен Жайна Шекербекова жартылай финалға шыққан.


