25.07.2025 | 19:43
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ КОМАНДАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ 1/32 КЕЗЕҢІНДЕ ПОЛЬШАҒА ЖОЛ БЕРДІ
Бүгін Тбилисиде семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық жарыстар басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы болып найза сайысының қатысушылары жарыс жолына шықты. Қазақстан құрамасының намысын Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семёнов және Никита Пономарев қорғады. 1/32 финалдық кезеңде отандастарымыз Польша құрамасымен кездесті.
Өкінішке қарай, біздің жігіттер тәжірибелі, Париж Олимпиадасының қатысушыларына төтеп бере алмады. Тартысты айқас 24:45 есебімен поляктардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бүгін әйелдер арасындағы сапы жаттығуынан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы Жапониямен шеберлік байқасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ