25.03.2025 | 16:32
Бөлісу:
СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ МЕН ШАМИЛЬ ОЖАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНАН АРЫ АСА АЛМАДЫ
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында жартылай финал белдесулері басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Сұлтан Әсетұлы (63 кг) аса тартысты айқаста Айтжан Халмахановқа есе жіберді. Енді отандасымыз қола жүлдеге таласатын қарсыласын күтеді.
Осыдан кейін кезегі келген Шамиль Ожаев өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан айласын асыра алмады. Енді 87 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы 3-орынға таласады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: