Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Садақ ату: «Нұр-Сұлтан Гран-При» халықаралық турнирі өтіп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде садақ атудан «Нұр-Сұлтан Гран-При» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Елімізде бірінші рет ұйымдастырылған бәсекеге Қазақстанмен қатар Аустрия, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Ресей, Беларусь, Чехия, Польша, Грузия, Бангладештен келген 200-ге жуық кәсіби мерген жиналды.

Осы орайда қатысушылар арасында Олимпиада мен Әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар бар. Бұл қатарда 2 дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, еуропа чемпионы, ресейлік Елена Осипова мен Әлем Кубогы кезеңінің жүлдегері Анна Марусованы (Беларусь) атауға болады. Турнирде 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр. Жарыс 18 маусымда аяқталады. 

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.