Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ұлттық құрама Азия чемпионатында тағы жеңіске жетті

Ұқсас жаңалықтар

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін D тобындағы 2-турда Қазақстан құрамасы Гонконгты сенімді жеңіп (3-0), өз орнын нықтай түсті. Матч 25-16, 25-23, 25-17 есебімен аяқталды. Кеше біздің волейболшылар Филиппинмен ойнап, тай-брейкте басым түскен. Енді отандастарымызды ертең Қытай (1 қыркүйек) құрамасымен топтағы шешуші ойын күтіп тұр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.