Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Семсерлесу: әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Командалық сайыста еліміздің әйелдер құрамасы қылыштасу бағдарламасында қола жүлде жеңіп алды. Сапында Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Татьяна Приходько, Анастасия Гулик өнер көрсететін біздің команда ширек финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырды. Ширек финалда Гонконгпен өткен кездесу аса тартысты болып, 45:43 есебімен жеңісті жұлып алдық. Алайда жартылай финалда дода қожайындары Оңтүстік Кореяға 35:45 есебімен есе жібердік.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Артем Саркисян қылыштасу бәсекесінде қола медальға қол жеткізіп, Қазақстан үшін 17 жыл күткен Азия чемпионатындағы жүлдені әперген еді.

Алексей Писцов, Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

«Бір жарым айдан кейін бізді Египет астанасы Каирде өтетін Әлем чемпионаты күтіп тұр. Сол жерде барынша сәтті өнер көрсетуге тырысамыз. Қазір барлық дайындығымызды Әлем чемпионатына арнап жатырмыз»,-деді.