29.04.2025 | 15:22

СЕМСЕРЛЕСУ: ВАДИМ ШАРЛАИМОВ ПЕН СОФИЯ НИКОЛАЙЧУК ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Алматы қаласында семсерлесуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың соңғы күні семсерлесу бағдарламасында жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Ерлер арасындағы финалда тәжірибелі Вадим Шарлаимов (ШҚО) Эльмир Әлімжановтан (Шымкент қаласы) басым түсті. Мұнда Ғабиден Мұстафин (Шымкент қаласы) мен Александр Федотов (Астана қаласы) қола жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында барлық медаль Алматы қаласының спортшыларында кетті. София Николайчук ақтық сында Полина Лисовскаяға мүмкіндік бермей, алтыннан алқа тақты. Ульяна Писцова мен София Актаева үздік үштікте.

Ал жалпы командалық есепте Алматы құрамасы 1-орын алды. Одан кейін Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы тұр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес