22.07.2025 | 17:44
Бөлісу:
СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Грузия астанасы Тбилиси қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күні найза және сапы сайыстары бойынша іріктеу бәсекелері өтті.
Семсерлесудің ерлер арасындағы найза бағдарламасында Қазақстан намысын Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семёнов және Никита Пономарев қорғады. Топтық кезеңнен Пономаревтен басқасының бәрі өтті. Алайда, одан кейінгі айналымдарда отандастарымызға сәттілік жетіспеді.
Нұрымов 1/128 финалда Израиль спортшысы Рой Розенфельдті 15:9 есебімен жеңгенімен, келесі айналымда француз Рафаэль Савиннен 5:15 есебімен ұтылып қалды. Қалиев Сингапур өкілі Чин Чун Вайды 15:8 есебімен басым түскенімен, кейін қытайлық Юфан Гуға 6:15 есебімен жол берді. Ал Тимофей Семёнов бразилиялық Пабло Мораистан 7:15 ұпаймен айласын асыра алмады.
Осылайша, найза жаттығуында бақ сынаған Қазақстан құрамасы 1/64 кезеңге жетпей, жарысты аяқтады.
Жалпы, әлем чемпионатына 79 елден үздік қатысушы жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ