Семсерлесуден еліміздің ерлер құрамасы командалық сайыста Париж Олимпиадасының ширек финалында Мажарстанға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есеп: 30-45.
Мұнда жекелей сайыста сенсация жасаған Руслан Курбанов (әлем чемпионатының қола жүлдегері), Эльмир Әлімжанов (Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері) Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов квартеті сынға түсті.
Қарсылас құрамы мынадай:
Мате Томаш Кох (әлем чемпионы, Еуропа ойындарының жеңімпазы), Гергели Шиклоши (Париж Олимпиадасның күміс жүлдегері, әлем чемпионы), Тибор Андрашфи пен Давид Надь.
Біздің Ұлттық құрама қазір әлем рейтингінде 4-ші, Мажарстан 5-сатыда тұр.
Қазақстан ерлер командасы - бірнеше дүркін Азия чемпионы, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше мәрте жүлдегері.
Сондай-ақ, Қазақстан – Сен-Мор-де-Фоссе (Франция) және Тбилиси (Грузия) қаласында өткен Әлем кубогының қола жүлдегері, былтыр Ыстанбұлда өткен Әлем Кубогының чемпионы.
Ал Мажарстан командасы – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері.