24.07.2025 | 21:50

СЕМСЕРЛЕСУДЕН СОФИЯ АКТАЕВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/64 ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Тбилисиде семсерлесуден әлем чемпионатының әйелдер арасындағы найза жаттығуы бойынша іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан намысын София Ақтаева, Алёна Гноева, Күлжан Түсіпбекова және Алина Искандерова қорғады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үшеуі келесі кезеңге шықты. Ал 1/64 финалға тек Ақтаева ғана өтті. 

Алёна Гноева - Нуране Бчир 4:15
Күлжан Түсіпбекова - Эстер Вольф 11:15

София Ақтаева - Ашита Сталинрадж 15:14
София Ақтаева - Ютинг Ванг 12:11

1/64 айналымда Ақтаева канадалық семсерлесуші Элеонор Харвимен кездеседі. 
Сондай-ақ ертең әйелдер арасында сапы, ерлер арасында найза сайыстары бойынша командалық жарыстар басталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес