Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге ескек есуден Ұлттық құрама спортшылары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы іріктеуде өз тобында мәреге 5-ші жетіп, жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Уақыт көрсеткіші – 1:45.94 секунд.
Енді біздің команда ширек финалда тағы бақ сынап көреді. Сергей (Токио) мен Тимур (Рио) үшін бұл екінші Олимпиада.
Фото: Владислав Семенов.