Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы оралды. Түркияда өткен ХІІ Әлем чемпионатында отандық былғары қолғап шеберлері 1 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте 8-орынға тұрақтаған-ды.
Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған боксшыларды елорда әуежайынан МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысы Спорт басқармасының өкілдері, туыстары, жанкүйерлері мен журналистер күтіп алды.



