Қазақстандық семсерлесуші София Ақтаева Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сындағы найза сайысында 1/64 айналымда бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1/32 финалға өту жолында отандасымыз Канада өкілі Элеонор Харвимен кездесті. Тартысты бәсеке 6:15 есебімен канадалық спортшының пайдасына аяқталды.
Енді София Ақтаева 27 шілде күні әйелдер арасындағы найза жаттығуында командалық жарыста бақ сынайды.