09.08.2025 | 16:06

СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА XII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРДА 4-ОРЫН АЛДЫ

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден бәсеке аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

2022 жылғы Дүниежүзілік ойындардың чемпионы, +68 кг салмақтағы Софья Берульцева 3-орын үшін таласта әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Силио Феракутимен (Италия) кездесіп, жол берді. Есеп (4:+4).

Айта кетейік, каратэден 2 күнге жалғасқан сайыста Ұлттық құрама сапындағы Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) күміс жүлде алды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес