18.05.2025 | 15:53

ТОМИРИС МЫРЗАҚҰЛ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАҒЫНА ТАЛАСАДЫ

Бокстан 52 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Томирис Мырзақұл Шри-Ланка спортшысы Ясин Фернандоны орта жолда қалдырып, Азия чемпионатының (U-22) финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жекпе-жек толық отандасымыздың бақылауында болды. Есеп: 5:0. Оның финалдағы қарсыласы біраздан кейін анықталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес