Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 3-медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Виктория Графеева (60 кг) финалда Нунэ Асатрянмен (Ресей) кездесті. Алма-кезек шабуылмен өткен жекпе-жек, өкінішке қарай, Ресей боксшысының пайдасына шешілді. Есеп: 0-5
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.