Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында волейболдан бәсеке басталып кетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалда Жапония волейболшыларына 0:3 (22:25, 21:25, 15:25) есебімен есе жіберді.
Жалпы ерлер арасында Азия ойындарына 19 команда қатысып жатыр. Олар алдымен 6 топқа бөлініп, іріктеу ойындарын өткізді. Қазақстан құрамасы А тобында Қырғызстанды жеңіп, Қытайдан ұтылып, 2-орынмен плей-оффқа шыққан болатын.
Жапония – биыл Иранда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

