Теннистен Ұлттық құрама спортшысы Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 3-кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, жекелей сында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Донна Векичті (Хорватия) 3 сетке созылған матчта ұтты. Есеп: 6-4, 3-6, 6-4.
Енді Юлия Путинцева ширек финалға берілер жолдаманы әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сарапқа салады.