Бүгін бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында ерлер мен әйелдер арасындағы финалдар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы бәсекеде 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медель иеленіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Жүлде алғандар:
1-орын. 51 келі. Алуа Балқыбекова (28 жас)
1-орын. 65 келі. Аида Әбікеева (27 жас)
1-орын. 70 келі. Наталья Богданова (26 жас)
2-орын. 48 келі. Назым Қызайбай (32 жас)
3-орын. 60 келі. Виктория Графеева (24 жас)
3-орын. +80 келі. Елдана Талипова (23 жас)

Қазақстан арулары Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына кіретін 7 салмақтың үшеуінде (51, 65, 70 келі) топ жарды.
Чемпионатта қандай ерекшеліктер тіркелді?
Франция, Доминикан Республикасы, Нигерия, Фиджи, Филиппин елдерінің арулары генетикалық тестті кешіктіріп тапсырғаны үшін, әлем чемпионатына жіберілмеді.
- Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева бір жылдың ішінде 2 мәрте әлем чемпионы атанды.
- Наталья Богданова 70 келіде алғаш рет ел тарихында алтын медальді еншіледі.
- Назым Қызайбайдың туған күні әлем чемпионатының финалына тұспа-тұс келді.
- Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихындағы үшінші үздік нәтижесін тіркеді.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында 30 жекпе-жек (11-Азия, 15-Еуропа, 1-Америка, 3-Океания) өткізіп, оның 23-інде жеңіске жетті.
Әйелдердің жалпы жүлде кестесі мынадай:
Қазақстан – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола
Үндістан – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
Польша – 1 алтын, 2 күміс
Аустралия – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
Тайпей – 1 алтын, 1 қола
Ирландия – 1 алтын, 1 қола
Бразилия – 1 алтын
Түркия – 2 күміс, 1 қола
Өзбекстан – 1 күміс, 3 қола
Англия – 1 күміс, 1 қола
АҚШ – 1 күміс
Қытай – 3 қола
Моңғолия – 1 қола
Италия – 1 қола
Оңтүстік Корея -1 қола
Колумбия -1 қола
Венесуэла -1 қола
Канада - 1 қола
Фото: Қазақстан бокс федерациясы.