Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында 2-орынға тұрақтады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Арай Нұрлыбекова ауыр атлетикадан Манамадағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық зілтемірші 97 келіні жұлқа, сосын 124 килоны серпе көтеріп, қола жүлдеге ие болған. Ал қоссайыстың қорытындысында ол 221 келімен күміске қол жеткізді. Дәл осы 76 келіге дейінгі салмақта алтынды 243 кило тасты ырқына көндірген қытайлық Куитин Пэн алса, қола таиландтық Дуангкамон Кхонгтонгтың (221 кг) еншісінде кетті.