Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына 7 қазақ спортшысы барады

Ұқсас жаңалықтар

3-10 ақпан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан құрамасының сапында баратын атлеттер:

Ерлер – Ақмолда Сайрамкез (67 кг), Әлібек Рақымберді (73 кг), Александр Уваров (81 кг), Сергей Петрович (96 кг), Кирилл Староверкин (96 кг);

Әйелдер – Айнұр Әбдіхалықова (49 кг), Арай Нұрлыбекова (81 кг);

Ташкентте Азия чемпионаты ерлер арасында 52-ші, ал әйелдер арасында 33-рет өтпек. Айта кетейік, сары құрлық бәсекесінде Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар сарапқа салынады.

Өзбекстан астанасында құрлық бәсекесі осыған дейін 2016 және 2021 жылы өткен. Сегіз жыл бұрын Ұлттық құрама 85 кг бақ сынаған Денис Улановтың алтынымен шектелсе, пандемиядан кейін өткен алғашқы аламанда 7 жүлдемен (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) жалпы есепте 4-сатыға тұрақтаған.