Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Олимпиада жүлдегері мен әлем чемпионы елге оралды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін елорда әуежайына жуырда Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Анна Нурмухамбетова мен брейкингтен әлем чемпионатының жүлдегері атанған Әмір Қылышбаев (алтын) пен Әмір Амангелді (қола) мінген ұшақ қонды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандастарымызды туыстары, достары, БАҚ өкілдері мен Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері құшақ жая күтіп алды.

Айта кетейік, Аннаға күміс медальді Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында табыстады. Ал қос Әмір Словения астанасы Люблянада өткен әлем чемпионатында жүлдеге ие болды.

«Шешім шыққанда сенер, сенбесімді білмедім. Қазір қуанышымда шек жоқ. Лимада жүлдені салтанатты түрде табыстағаннан бергі көңіл күйімді сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын»,-деп айтты Анна әуежайда журналистерге берген сұхбатында.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.