Бүгін Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада биатлоншы Кирилл Бауэр қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз масс-стартта үздік үштікті түйіндеді. Бұл біздің биатлоншылардың осы ойында қол жеткізген 3-медалі. Осыған дейін Арина Крюкова 7,5 шақырым спринтте қола медаль жеңіп алса, Никита Акимов топ жарған.
Айта кетейік, Кирилл қазір Қазақ спорт және туризм академиясының студенті. Бұл оның екінші Универсиадасы.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.